Елімізде бірнеше немесе бір аумақтық бірлікте ауданаралық соттар құрылады

2023 жылғы 15 наурыз, 11:40
Елімізде бірнеше немесе бір аумақтық бірлікте ауданаралық соттар құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде бірнеше немесе бір аумақтық бірлікте ауданаралық соттар құрылмақ. Бұл туралы сенатор Андрей Лукин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Жолдауында судьялардың тәуелділігін төмендету арқылы олардың тең мәртебесін, оның ішінде сот төрағалары позициясының бір бөлігін судья лауазымына өзгерту есебінен қамтамасыз ету көрсетілген. Сондықтан заң жобасында бірнеше немесе бір аумақтық бірлікте ауданаралық соттар құру ұсынылады. Сол арқылы сот төрағаларының позициясы қысқартылады», - деді Андрей Лукин Сенаттың жалпы отырысында «ҚР сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» заң жобасын таныстыра келе.


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar