Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде 2018-2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының жаңа кестесі 9 желтоқсаннан бастап енгізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап хабарлайды.

«105» нөмірі бойынша біртұтас анықтама қызметі мен теміржол вокзалдарының анықтамалығы жолаушылар пойызы қозғалысының кестесін өзгертуге қатысты нақты ақпарат беруге дайын.

2018 жылдың 9 желтоқсанынан бастап «РТЖ» ААҚ бірлесе күнара жүретін «Қарағанды-Томск-2» бағытындағы №363/364 пойызын жолға қою жоспарланып отыр.

«УТЙ» АҚ жасақтаған Бейнеу - Атырау - Қиғаш арқылы «Ташкент - Мәскеу» қатынасындағы №349/350 пойызы аптасына бір рет жүретін болады.

Жолаушылардың өтініштері мен тілектері ескеріліп, ҚР ИДМ келісімімен, жол жүру уақытын 4 сағатқа қысқарту және жылдамдықты арттыру есебінен «Алматы-2 - Маңғыстау» бағытында қатынайтын №377/378 пойызын жеделдету туралы шешім қабылданды.

2019 жылдың 2 қаңтарынан «Алматы-2 - Орал» қатынасындағы №49/50 пойыздың жүру жолы өзгереді. Пойыз (Шымкент-Қызылорда станциясының орнына) Астана - Тобыл станциясы арқылы жүреді.

Теміржолдағы жолаушылар тасымалында тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жазғы кезендегі іске қосылатын қосымша пойыздар келесі тәртіпте сақталады:

№ 152/151 Астана - Алматы жиілігі күнара;

№ 162/161 Алматы - Семей жиілігі күнара;

№ 173/174 Алматы - Шымкент жиілігі күнара;

№ 176/175 Алматы - Түркістан жиілігі күнара;

№ 251/252 Самарқанд - Астана жиілігі аптасына бір рет;

№ 253/254 Астана - Достық жиілігі аптасына 2 рет.

Соңғы жаңалықтар