Елімізде бірқатар мәдени ұйымдардың шығындарын субсидиялау көлемі ұлғаймақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы 4 мәдени ұйымның шығындарын мемлекет тарапынан субсидиялау көлемі артуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Туризм индустриясы комитеті тқрағасының бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бөлінетін субсидия 85-тен 86%-ға өседі. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығыстарын субсидиялау 91-ден 92%-ға артады. Ал Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мен ҚР Ұлттық музейіне бөлінетін субсидия 94,8-ден 95%-ға ұлғаяды», - деп жазылған құжатта.

Бұйрықты ашық талқылау 3 ақпанға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар