Елімізде бірқатар дзюдо жарысы кейінге шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан дзюдо федерациясы коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында дзюдодан өтетін бірқатар жарыстың шегерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда:

- 27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтанда 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты;

- 4-7 сәуір күндеріне жоспарланған Павлодар қаласындағы ҚРЕСЖ Б.Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирі кейінге шегеріледі;

- 18-19 сәуір Алматы қаласында жоспарланған Б.Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогы өтпейді.


Соңғы жаңалықтар