Елімізде бір отбасына төленетін жәрдемақы - 20 мың мен 805 мың теңгенің арасында

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен 2022 жыл біздің еліміз үшін оңай болған жоқ, бірақ соған қарамастан мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалды. 4,4 трлн теңгеден астам сомаға 4,3 млн-нан астам қазақстандыққа зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер уақтылы төленді. Өткен жылы 1,3 миллионнан астам отбасы мемлекет кепілдік берген төлемдер түрінде қолдау алды. Ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға да ерекше көңіл бөлінді. Осы жылы балалары бар отбасыларды қолдауға республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 926,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бөлінген қаражат бала туу және бала күтімі бойынша төлемдер, көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жәрдемақы ретінде берілді. Бір отбасына төленетін төлем 20 мыңнан 805 мың теңгеге дейінгі соманы құрады» делінген министр Тамара Дүйсенованың жыл қорытындысына арналған хабарламасында.

Оның айтуынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған 700 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттен 70 млрд теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік көмек түрінде қолдау алған.


Соңғы жаңалықтар