Елімізде бір доллардың бағасы 430 теңге дейін көтерілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4 қараша кешімен салыстырғанда 0, 24 тиынға өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 429, 74 теңге болды.

Ұлттық банктің 5 қарашадағы ресми бағамы -1 доллар үшін 429, 50 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 429,69 теңгеден сатылса, сатып алу – 431, 17 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 429,80 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 430, 87 теңге.

Айта кетейік, доллар бағамы өткен аптадан бері көтеріліп жатыр. АҚШ ақшасы айырбастау пуктерінде 430 теңгеге дейін көтерілді.


Соңғы жаңалықтар