Елімізде бір аптада 3028 қылмыс жасалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде өткен апта ішінде 3028 қылмыс жасалаып, оның екі мыңы бір тәуліктің ішінде ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Бір апта ішінде 3028 қылмыс жасалды. Оның екі мыңы тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 13 кісі өлтіруді, 15 өлімге әкеп соқтырған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіруді, 39 тонау және 463 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрдәлді Ораз.


Соңғы жаңалықтар