+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Елімізде бес айда 16 921 көлік құрастырылды

2019 жылғы 17 маусым 17:32
Бөлісіңіз:
Елімізде бес айда 16 921 көлік құрастырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-мамырында елімізде 114 709 млн теңгеге 16 921 көлік шығарылды. Бұл туралы Қазақстандық автобизнес қауымдастығынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кезеңде 15 773 жеңіл көлік, 495 жүк көлігі, 404 автобус, 270 тіркеме, 19 өзге де мамандандырылған техника құрастырылды. Ал 2018 жылдың алғашқы бес айында елімізде 71 520 млн теңгеге 11 848 көлік құралы шығарылған болатын. Жыл басынан бері қазақстандықтар 14,3 мың отандық көлікті сатып алды.

«Биылғы жылдың 5 айының ішінде Қазақстанда құрастырылған автомобильдердің сатылымы 41 пайызға артты. Бұған қоса, бүкіл нарық тек 19 пайызға ұлғайды. «Made in Kazakhstan» автомобильдерінің нарықтағы күлесі 60 пайызға жақындап қалды. Биылғы жылғы үлес өсімінің негізгі қозғаушысы Ұлттық банктің жеңілдетілген автонесиелеуге қаржыландыруды арттыру шешімі және Қазақстанда құрастырылған Hyundai автомобиліне сұраныстың артуы болды», - деді ҚАБҚ вице-президенті Анар Мақашева.

Осымен екінші ай қатарынан «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» көлік құрастыруда көш бастап келеді. Аталған кәсіпорын мамыр айында 2174 жеңіл көлік, жүк көлігі және автобус құрастырды. Ал «Азия Авто» кәсіпорны 1 570 көлік шығарды. «КАМАЗ Инжиниринг» 120 жүк көлігін нарыққа жөнелтті. «СемАЗ» 96 коммерциялық техника, Hyundai Trans Auto 23 жеңіл көлік, Daewoo Bus 13 автобус құрастырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT