Елімізде баспанасы жоқ жарты миллион жас отбасы бар - Г. Сейітмағамбетова

None
None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және маслихаттармен жұмыс жасау жөніндегі кеңесінің отырысы болып өтті.

Онда «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы жобасының әзірлену барысы туралы мәселелер қаралды.

Жиынды ашып сөз сөйлеген Кеңес төрайымы, Мәжіліс депутаты Гүлнар Сейітмағамбетова Елбасының ағымдағы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту  Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауына тоқтала келе, ондағы басты  он міндеттің біреуі - халықты қолжетімді баспанамен қамту мәселесі екенін атап өтті.  Бұл міндетті орындау үшін Елбасы Үкіметке жаңа «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын дайындап, оны тиісті қаражатпен қамтамасыз етіп, осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдауды тапсырған болатын.

«Былтырғы мәліметтер бойынша Қазақстанда үй алу кезегінде 150 мыңға жуық отбасы тұрса, оның 89 мыңы әлеуметтік жағынан әлсіз топтар, ал 52 мыңы бюджет мекемелерінде қызмет істейтін  дәрігерлер, мұғалімдер, 5 мыңнан астам жанұя апаттық үйлерде тұрады. Бұнымен қоса, баспанасы жоқ жарты милионнан астам жас отбасылар бар. Ал жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті. Мәселен, Бүгінгі таңда үй алуда кезекте тұрған 16425 жетім балалардың соңғы 5 жылда тек қана 459-ы немесе 2,7 пайызы үй алған», - дейді Г. Сейітмағамбетова.

Кеңес отырысында қатысушылар бағдарлама жобасын талқылап, ұсыныс-пікірлерді ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар