Елімізде баспана саудасы қызып тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 87 246 құрады. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Сатистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ақпаратына қарағанда, 2019 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 28 189 болған және өткен аймен салыстырғанда, 47,3 пайызға артық. Ал 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 19,7 пайызға жоғары.

Бұл ретте сәуір айында 8 490 жеке үй және 19 699 көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерді сатып алу-сату мәмілесі жасалған. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы тұрғындары негізінен көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлерді сатып алып-сатса, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында жеке үйлер мен көппәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлерді сатып алу-сату мәмілелері деңгейлес келеді. Ал Түркістан облысында жеке үйлерді сатып алу-сату мәмілелері басым болып тұр.

Соңғы жаңалықтар