Елімізде баспана бағасын тұрақтандыратын жоба жасалып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -«Отбасы банкі» елімізде баспана бағасын тұрақтандыратын жобаны қолға алды. Бұл туралы бүгін тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында «Отбасы банкі» басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір банк офф-тейк келісімшарты бойынша жеке құрылыс салушылармен жұмыс жүргізеді. Жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында жеке құрылыс салушылармен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында мемлекеттік қаржыландыруды тартпай ілкі жобаны іске асыру үшін әзірленіп жатыр», - деді Ләззат Ибрагимова.
Оның айтуынша, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша ипотекалық қарызды өтеуге – 35 мыңнан астам өтінім; ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға – 28 мыңнан астам өтінім, туысқа жинақтарды беруге 20 мыңнан астам өтінім түсті. 2021 жылғы 19 ақпандағы жағдайға сәйкес, зейнетақы қорынан 564 млрд теңге сомасына 98 мың өтінім жіберілді. 145 млрд теңге сомасына 28 мың өтінім жүзеге асты.
- Балқашта еріктілер зейнеткердің өртенген пәтерін жөндеп берді
- Еліміздің ЖОО-ларында суицидология саласындағы мамандар даярланбақ
- Алматы облысында үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасы баспаналы болды
- Депутат жастарға жалға берілетін пәтер құрылысын қаржыландыруды сұрады
-
«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады
-
Қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеуде сарапшылардың қағидаттық ұстанымы ескерілді - министрлік
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам