+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Елімізде балаларға арналған SIM карта енгізілмек

2020 жылғы 28 қазан 16:45
Бөлісіңіз:
Елімізде балаларға арналған SIM карта енгізілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM карта енгізілмек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депуттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта кибербуллингке қарсы іс-шаралар 2020-2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицид мәселесін шешу жөніндегі жол картасын іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму, Ішкі істер министрліктері, жергілікті атқарушы органдар жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің профилактикасы, азаматтардың цифрлық беделін қорғау, әлеуметтік желі мен интернеттегі мониторинг және тосқауыл қою, сондай-ақ, қолайсыз интернет контентке қол жеткізуден балаларды қорғау бойынша балаларға арналған бірыңғай тарифі бар SIM карта енгізу бойынша кешенді шараларды қабылдауда», - деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT