Елімізде балаларға 100 мыңнан астам ота жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылы 70-тен астам балаға шетелде ота жасалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл басынан бері балаларға 100 мыңнан астам ота жасалды. Қазақстанда мүмкіндік болмаған жағдайда балалар «Шетелдік емдеу» бағдарламасы бойынша басқа мемлекетте ота жасата алады. Аталған бағдарлама аясында биыл 71 балаға 1 млрд теңгеден астам сомаға шетелде ота жасалды. Атап айтқанда, гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантаттау, электропарацияны қолдана отырып склероздау, радионуклидтік терапия және тағы басқа», - деді Вячеслав Дудник Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, балаларға ота көбіне Түркия, Үндістан және Ресейде жасалды.

Сондай-ақ спикер келтірген мәліметке сәйкес, биыл балаларға арналған медициналық көмекке қазынадан 560 млрд теңге бөлінді.

Бұған дейін, министр орынбасары Вячеслав Дудник биыл қазан айынан бері 2 млн-нан астам қазақстандықтың ЖРВИ жұқтырғаны туралы айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар