Елімізде балалар үйлері біржола жабыла ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде балалар үйінің қызметі қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіби патронаттық отбасының артықшылығы – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды балалар үйіне емес, бірден патронаттық отбасына беру мүмкіндігі. Бұған дейін жетімдер алдымен балалар үйінде тіркеліп, содан соң ғана асырап алу мәселесі қаралды. Енді жаңа заң бойынша баланы кәсіби патронаттық отбасыға тікелей беруге болады. Яғни бала отбасының жылуын сезініп өседі. Дегенмен бұл елімізде балалар үйі жабылады деген сөз емес. Дұрысырақ айтқанда, балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылады»,- деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Министрдің айтуынша, аталған бағыттағы жұмыс сала мамандары және сарапшылармен одан әрі пысықталады.

Бұған дейін елімізде баланы ерте бастан дамытудың жаңа әдіс-тәсілі іске қосылғаны айтылды.

Бұған дейін балаларды отырғызып, 20 минуттан сабақ беретін болса, ендігі кезекте халықаралық тәжірибе ескеріліп, тәрбие мен оқыту балалардың жас ерекшелігіне сәйкес балабақша табалдырығынан басталмақ.


Соңғы жаңалықтар