Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -Түркістан облысы табиғи өсім бойынша елімізде көш бастап тұр. Өткен жылы өңірдегі халық саны 3,5 мыңға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабековтың айтуынша, 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Түркістан облысы халқының саны 1 977 768 адамды құрап отыр. Яғни, 2017 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 3 354 адамға немесе 0,2% өскен.

«Облыста 2018 жылғы қаңтар-қарашада халықтың табиғи өсімі 40 815 адамды құрады және 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3%-ға (1 188 адамға) артты. Республика бойынша біздің облыс туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша алғашқы орында. Облыс туу бойынша республика деңгейінде алдыңғы қатарда көрінді, оның үлесі 13,6%-ды немесе 49 978 нәрестені құрады. Аймақта 1000 қыз балаға 1062 ұл бала дүниеге келді, бұл жерде ұл балалардың көп болу тенденциясы әлі де сақталуда», - деді Айдар Ахметбекұлы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.null

Департамент басшысының айтуынша, өткен жылы көші-қонмен тіркелген облысқа келген халықтың саны 92 678 адамды құраса, оның 40 189-ы Қазақстанның басқа облыстарынан келгендер.

null null null

Соңғы жаңалықтар