+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Елімізде «Азаматтық сараптама» онлайн жобасы өтті

2020 жылғы 31 шілде 14:19
Бөлісіңіз:
Елімізде «Азаматтық сараптама» онлайн жобасы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Covid 19-ды қоғамдық бақылау ресми тобы мен Қазақстанның Азаматтық альянсымен бірлесіп «Азаматтық сараптама» онлайн жобасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жоба әлеуметтік-экономикалық жағдайды мемлекеттік билік органдарына тәуелсіз қоғам мүдделері тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты - сарапшылық қоғамдастықтың рөлін арттыру, қоғамдық пікірталастарды кәсіби платформа, білім мен нақты тәжірибеге сүйене отырып, ең тиімді шешімдерге басты назар аударатын арнайы алаңдарда өткізу.

«Біз сауалнамалар жүргіземіз, жарияланымдарға, соның ішінде әлеуметтік желілерге сараптама жасап, сарапшыларға сұхбат береміз, салалық коалициялардың қызметіне тоқталамыз, дөңгелек үстелдер, мемлекеттік органдармен кездесулер, конференциялар, қоғамдық пікірсайыстар, онлайн-пікірсайыстар өткіземіз», - делінген хабарламада.

Жиында талқыланған негізгі мәселе - мемлекет қаржыландыратын гранттарға қатысты.

Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларға жүздеген миллион теңге жұмсалады.

Сонымен қатар, бұл талдау жасау жүйесі аясында елімізде жүргізіліп жатқан жобалар қаншалықты тиімді, олар нақты бастаманы неге қолдады? Олардың тиімділігі қаншалықты жоғары? Бөлінген қаражат қаншалықты ашық жұмсалады? деген сұрақтар жан-жақты талқыланып, зерделенбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT