+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Елімізде әйелдер ипотекасы қалай жүзеге асып жатыр

2021 жылғы 13 қазан 22:44
Бөлісіңіз:
Елімізде әйелдер ипотекасы қалай жүзеге асып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен жылдан бастап әйелдерге арналған ипотека пайда болды. Бүгінде 500-ден астам әйел ипотекаға қолы жетті. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі Ипотека алушының төлем қабілетін бағалағанда жәрдемақы есептелуі мүмкін бе Ипотека алған қазақстандықтар саны 2 есеге өсті

«Әйелдерге арналған ипотеканың пайыздық мөлшері жоғары. Яғни жылдық мөлшерлемесі 11% - дан астам болса, бастапқы жарна 20% -ды құрайды. Бұл тиімді шарт деп ойлаймын, себебі баспана бағасының 50%-н жинаудың қажеті жоқ. Бізге берілген алғашқы транш 8 млрд теңгені құрап отыр. Және бүгінгі таңда шамамен 570 әйелге несие берілді. Жалпы әйелдерге арналған ипотекаға сұраныс жоғары. Тағы бір жайт қатысушылар табыс мөлшерін көрсетуді алып тастауды сұрап отыр. Осы орайда айтарым, біздің мақсат – біреудің табысын санау емес, клиеннің ипотеканы төлеу алу мүмкіндігі мен қабілетін бақылау мақсатында жасалып отыр», - деді Ләззат Ибрагимова Baigenews.kz ақпарат агенттігі жобасының тікелей эфирінде.

Еске сала кетсек, Қазақстанда әйелдерге арналған ипотека мәселесі 2019 жылы көтерілген еді.

Ондағы мақсат - Қазақстанда тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 200 астаналық жас баспаналы болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT