Елімізде автокөлік өндірісі 4 жылда 10 есеге артты - А. Рау

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде автокөлік өндірісі 4 жылда 10 есеге артты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

«Автоөндіріс саласына тоқталатын болсақ, төрт жылда біз өндіріс көлемін он есеге арттырдық. Бұл - үлкен жетістік. Осы бағытта біз жоспар аясында жүріп келеміз. Қазіргі кезде елімізде көліктің екі моделі дәнекерлеу мен бояу жұмыстарын қамти отырып шығарылады. Жыл сайын бұл көрсеткіш арта береді. 2018 жылға қарай экспортқа баратын модельдер елу пайыз локализациямен қамтылуы тиіс»,-деді А. Рау.

Оның сөзіне қарағанда, 9 айда 122 мың көлік сатып алынды. Оның ішінде 78 пайызы импорт. Осы импорттың ішінде 50 пайыздан астамы ресейлік көліктер. «Баяу болса да, отандық өндіріс артып келеді. Кезінде ресейлік жаңа көліктерден басқа машиналар болмаған кездер естеріңізде шығар. Бұдан кейін шетелден тасымалданған ескі көліктерден басқасы болмады. Бүгінде нарық өркендей түсті, яғни жаңа көліктер жеткізіліп жатыр. Алайда, РФ-пен арада кедендік кедергілер болмағандықтан ресейлік машиналар басымдау»,-деп түсіндірді А. Рау.

Соңғы жаңалықтар