Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы үш айда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 47 пайызға артты. Салаға құйылған инвестиция көлемі 1,4 пайызға өсіп, 88 миллиард теңгені құрады. Мұндай мәлімдемені ведомство басшысы Өмірзақ Шөкеев тұрғындармен есептік кездесуі барысында атап өтті, деп хабарлайды Хабар24 kz сайты.

Сайта таратқан мәліметтерге қарағанда ауыл шаруашылығы саласында жетістіктер бар, алайда ақсап жатқан тұстары да жоқ емес. Мәселен өткен жылы ұн мен бидай экспорты айтарлықтай азайып кеткен. Бұл өнімдер халықаралық бәсекеге төтеп бере алмай отыр. Оның үстіне көршілеріміз Қытай, Ресей, Өзбекстан елдері аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамыту үшін шаруаларына барынша жағдай жасаған.

Өзбекстан ауыл шаруашылығы техникасын 2 пайызбен лизингке береді. Ал Қазақстанда бұл 14 пайыз. Сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтан босату мәселесі тағы бар. Оған жыл сайын біз де дәнді себу мен жинау маусымында жанармай бағасының шарықтап кететінін қосыңыз. Осының бәрі тауардың өзіндік құнына үлкен әсер етіп, жергілікті шаруаларға қолбайлау болып отыр.

«Жанар-жағармайды алып келетін компаниялар да жекеменшік. Біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер де жекеменшік. Екі жекеменшік компания бір-біріне ақысын жібергісі келмейді, ол түсінікті. Олар сұрақты былай қояды. Біз нарық заманында жұмыс істеп жатқан компаниялармыз «неге біздің есебімізден Сіздер басқа жекеменшік компанияға арзандатылған бағамен жанармайды бергілеріңіз келеді» деп. Олай болатын болса арнайы қаржы бөліп, үкіметтен сол айырмашылықты төлеңіздер дейді»,-дейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар