Елімізде атқарушылық іс жүргізудің мобильдік қосымшасын әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мобильдік қосымшасын әзірлеу жоспарлануда. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марат Бекетаев атап өткендей, ведомство сот актілерін орындауды жақсартуға бағытталған шаралар қабылдауда. Биыл азаматтарға қолайлы болу үшін мобильді браузерлер үшін қолданыстағы портал интерфейсіне оңтайландыру жүргізу жоспарлануда.

Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту мақсатында екінші деңгейлі 14 банктің мәліметтер базасымен шоғырландырылды. Енді сот орындаушылары онлайн режимде қаржы институттарында шектеулерді жедел жүктеп, алып тастай алады.

Сонымен қатар, нотариустардың атқарушылық жазбаларын электронды форматта алуға мүмкіндік беретін «Е-нотариат» ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимыл іске қосылды. Бұдан бөлек пайдалануға «СМС-хабарлама» сервисі іске қосылды.

Енді, нөмірлер тіркелген жағдайда борышкерлердің телефондарына іс қозғау және ол бойынша қабылданған іс жүргізу әрекеттері туралы ақпарат бар СМС келіп түсетін болады.

Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (АІЖ ААЖ) мобильдік қосымшасын әзірлеу жоспарлануда.

Осы орайда: атқарушылық әрекеттерді кабинеттен тыс жасауға, іс жүргізу тараптарының іс жүргізу құжаттарымен танысуға, қолданылған шаралар мәртебесінің өзгеруіне, санкция алуға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар