Елімізде арнайы жағдайды қажет ететін балалардың саны 170 мыңнан асады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде арнайы жағдай жасауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 170 мыңнан асады. Бұл туралы «Арнаулы және инклюзив білім беруді дамыту ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМК басшысы Әйгерім Күдеринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың арасында арнаулы жағдай жасауды қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 170 мыңнан асады. Оның ішінде ерте жастағы баланың саны - 7 мыңнан астам, мектепке дейінгі балалардың саны - 54 мыңнан астам және мектеп жасындағы балалардың саны - 97 мыңнан астам, жасөспірімдер саны - 14 990. Олардың ішінде білім және тәрбиемен қамтылғаны - 113 994 бала. Бұл ретте инклюзив білім берумен 2 есе бала қамтылғанын атап өту керек», - деді орталық басшысы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында.

Оның дерегінше, 14 мыңнан астам бала жалпы балабақшалармен, 9 799 бала арнаулы балабақшалармен және арнаулы топтармен қамтылған.

«Жалпы білім беретін мектептерде 44 мыңнан астам бала оқиды. Арнаулы мектептер мен арнаулы сыныптарда 24 мыңнан астам бала білім алады. Сонымен қатар колледждерде 2 100 студент оқып жатыр. Ал үйде оқитын балалардың саны – 18 327», - деді Әйгерім Күдеринова.


Соңғы жаңалықтар