Елімізде әр ұлт пен ұлыстың тілі мен дәстүрін насихаттауға толық мүмкіндік бар

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елімізде әр ұлт пен ұлыстың тілі мен дәстүрін насихаттауға толық мүмкіндік бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты нәтижесінде қолға алынған Қазақстанның Ел  бірлігі  доктринасы - соның шынайы көрінісі. Бұл туралы «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі БҚО бөлімшесінің басқарма мүшесі Максим Ким мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, доктринада тілге қатысты да біршама айтылған. «Бұрын орыс тіліне басымдық берілсе, бүгінде сонымен қатар мемлекеттік тілді, ана тілімізді және шетел тілін меңгеруге мүмкіндік жасалды. Ассамблея мүшелері, әсіресе, мемлекеттік тілді қолдап, үйренуге, насихаттауға атсалысуда. Менің немерем де балабақшадағы қазақ тобына барып жүр. Бұл - бүгінгі күн талабы, біздің мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесіміз», деді ол.

Соңғы жаңалықтар