+7 (701) 759 90 19
USD 377.75 EUR 421.27
RUB 6.13 CNY 54.91
Jańalyqtar

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

2019 жылғы 15 желтоқсан 10:08
Бөлісіңіз:
Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан апта ішінде бірқатар өңірде кадрлық ауыс-түйіс орын алды. ҚазАқпарат апта ішіндегі тағайындауларға шолу ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР АШМ: Комитет төрағасы тағайындалды Қарағандыда жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келді Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Апта басында Қостанай облысында бірқатар тағайындау болды. Қостанай облысының әкімдігінде өткен селекторлық жиында бірнеше департаменттің жаңа басшылары таныстырылды.

ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Айбек Ғалымжанов Қостанай облыстық Статистика департаментінің басшысы болып тағайындалды. Айбек Тойшыбекұлы 1976 жылы 2 қаңтарда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылында туған. Білімі – жоғары, 1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын аяқтады, біліктігі – көлік кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент. 2019 жылдың 18 қарашасына дейін «Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ облыстық Әділет департаментіне Умаров Амир Саралиевич келді. Ол бұған дейін ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары лауазымында болды.

Бұдан бөлек, облыс әкімінің өкімімен «Қостанай облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалдық- инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков тағайындалды.

Ақын Қалқаман Сарин Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Қалқаман Сарин 1998 жылы Евразия ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2014 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын аяқтап, гуманитарлық ғылымдардың магистрі атанды.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған.

2008-2018 жылдар аралығында Евразия ұлттық университетінде оқытушы және ректордың кеңесшісі болып еңбек етті.

2018-2019 жылдары «Шалқар» ұлттық радиосының директоры қызметін атқарды.

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Сарин шығармашылықта да мол табысқа қол жеткізген.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

«Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы.

ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауареаты.

Григорий Бабаян «Тобылдың» бас бапкері болып тағайындалды.

Қостанайлық клуб белгілі қазақстандық маман Григорий Бабаянмен келісімшартқа отырды.

Григорий Бабаян мансабын Германияның «Биберах» клубында бастады. Кейін «Алма-Ата» мен «Қайрат» клубтарының намысын қорғады. Маман бапкер ретінде 2005 жылы Алматыға ауысты.

2012 жылы Григорий Бабаян «Астанамен» келісімшартқа отырды. Елордалық командамен бірге ол Қазақстанның бес дүркін чемпионы және Кубоктың екі дүркін жеңімпазы атанды. Ұлттық құрамада тәжірибесі бар.

Ол 2018 маусымды «Астанада» бас бапкер ретінде өткізіп, алтын медальды жеңіп алды. Осыдан кейін ол Премьер-Лиганың үздік жаттықтырушысы деп танылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT