Елімізде апелляция институты реформаланады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде апелляция институты реформаланады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында сенатор Андрей Лукин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы апелляция институтын реформалауды тапсырды. Соттың апелляциялық сатыда істі бірінші сатыға қайтармай, яғни, бірінші саты сотының ережесі бойынша шын мәнінде шешім қабылдауы ұсынылады. Сондықтан егер сот апелляциялық сатыда істі шын мәнінде қарауды бастаған жағдайда бірінші саты ережесі жұмыс істейді, оның ішінде жаңа дәлелдерді ұсыну мәселелері де», - деді сенатор «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыра келе.

Андрей Лукиннің түсіндіруінше, осылайша сот талқылаудың толықтығын, жан-жақтылығын және шынайылығын қамтамасыз етеді.

Бұл тетік судья қателігі санын төмендетуге, сот актілері сапасын арттыруға, сот тәжірибесінің бірегейлігін қамтамасыз етуге негізделген.

Сонымен қатар азаматтар мен кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын жылдамырақ қалпына келтіруге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар