Елімізде алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде алты облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда ертең түнде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Тәулік бойы 29 қазанда батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 қазанда түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласына ертең түнде көктайғақ болады. Жел күндіз батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.

Көкшетауда ертең түнде көктайғақ болады.

29 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

29 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Қарағанды қаласында көктайғақ болады.

29 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с.

Өскеменде ертең көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Семейде ертең түнде көктайғақ болады, тұман түседі.

29 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстіктен-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Ақтауда ертең оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар