Елімізде алғашқы медициналық көмек көрсетудің жаңа тетіктері қарастырылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғашқы медициналық көмек көрсетудің жаңа механизмдерін қарастыратын «Астаналық декларация» қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев Алматы қаласы активімен болған кездесуде мәлім етті.

 Құжат 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылмақ.

Алдағы 3 жылда Жолдауды жүзеге асыруға 1 трлн 750 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады. Елбасы келер жылдан бастап ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеге ұлғайтуды тапсырды. Оны жүзеге асыру үшін жыл сайын 86 млрд теңге және жергілікті бюджеттерге өтемақы төлеуге 10 жарым млрд теңге бөлінетін болады. Бұл Парламент қарауына ұсынылған 2019-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында қарастырылған.

Сонымен қатар, Жолдауда тұрғын үй мәселесі, тұрақты жұмыспен қамту, қауіпсіздік, жемқорлық пен көлеңкелі бизнеске қарсы күрес, отандық өндірушілерге қолдау сыңды мәселелер қамтылған.

«Президент 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Алматы қаласының жастармен жұмыс істеуде оң тәжірибесі бар. Сіздердің қалаларыңызда халықтың 45 пайызы - жастар. Өткен жылдан бастап қалада 2020 жылға дейін жастарды қолдаудың «жол картасы» іске асырылуда. Жыл басынан бері 7,5 мың адам немесе өтініш бергендердің 65 пайызы жұмысқа орналасты. Оның ішінде тұрақты орындарға 5,5 мың адам шықты», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев.

Соңғы жаңалықтар