+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елімізде алғаш рет Атырауда корона-такси жұмыс істей бастады

2020 жылғы 16 шілде 16:38
Бөлісіңіз:
Елімізде алғаш рет Атырауда корона-такси жұмыс істей бастады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта​ корона-такси пневмония және коронавирустан үй жағдайында емделіп жатқан науқастарға қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырған  25 182  адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1102, 17 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталмыш қызмет түрі ел бойынша бірінші рет Атырау облысында ұйымдастырылып отыр.​ Әзірге ковид-такси түнгі кезекте қызмет көрсетіп жатыр. Алдағы уақытта аталмыш такси санын көбейту жоспарланған.

Атырау облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаеваның айтуынша, қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметіне түсіп жатқан шақыртулар өте көп.


«Ал, корона-такси қызметі жүктемені азайтуға ықпал етуде. Ковид такси толыққанды бригадамен тең дәрежеде медициналық қызмет көрсете алады. Ковид такси коронавирус, пневмонияға шалдыққандармен бірге, қызуы көтеріліп тұрған науқастардың шақыртуына да барады. Егер коронавирусқа шалдыққан науқас дәрігердің қабылдауынан шығып, үйіне жете алмай тұрса, ​ковид-такси қызметін пайдалана алады. Ковид таксидің бригадасы жүргізуші мен ​фельдшерден тұрады. Өкінішке қарай, біздің де қызметкерлеріміздің арасында науқастанып жатқандар бар. Қазіргі уақытта қолда бар күшті максималды түрде тиімді пайдалануға тырысып отырмыз», - дейді Атырау облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы директорының міндетін атқарушы Наргиз Баймолдаева.


Ерекше атап өтерлігі, ковид такси жүргізушілері қажет жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Олар базалық реанимациялық көмек бойынша оқытудан өткен.

Сонымен бірге, пневмония, коронавирусқа шалдыққан науқастар ковид такси қызметін ​ дәрі-дәрмек тасымалы үшін де пайдалана алады. ​​

Айта кетелік, пандемия басталғалы бері ​ Атырауда жедел жәрдем шақырту көбейген. Бұрын тәулігіне 700-800 рет шақырған болса, қазіргі жағдайда облыс бойынша шақыру саны тәулігіне 1300-ге дейін артқан. ​

Еске сала кетейік, біз бұған дейін елімізде корона-такси қызметі іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT