Елімізде алдағы тәуліктерде күн салқындайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 8-10 қазан күндерінің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Демалыс күндері Қазақстанның барлық өңірінде ауа температурасы нормадан 4…9°С-қа жоғары әрі күн ашық болды.

Бірақ Еділмаңы аймағындағы суық атмосфералық ағындармен бірге бұлтты массив шығысқа қарай ығыса бастады. Сондықтан алдағы күндері Қазақстандағы ауа райы өзгере бастайды.

«Алдағы тәулікте батыс облыстарда күн бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауады және ауа температурасы төмендейді. Солтүстік-батыс өңірлерде 9 қазан, солтүстік және орталықта 10 қазан күні жаңбыр себелеп, найзағай жарқылдауы мүмкін. Ауа температурасы салқындайды», - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан шығысында күн әлі де жауын-шашынсыз, жылы болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарда, әсіресе тау мен тау бөктері аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Соңғы жаңалықтар