Елімізде алдағы тәуліктерде күн 20 градусқа дейін жылынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Үш тәулік бойы антициклон Қазақстанның көптеген облыстарына ықпал етеді.

«Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты, ауа температурасы 0...+8°С градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12...+20°С градус болады. Бұл климаттық нормадан 4...10°С градусқа жоғары», - делінген хабарламада.

Ресейдің Еуропалық бөлігінен ауысып келетін атмосфералық фронттардың ықпалынан еліміздің батыс және солтүстік аймақтарында жауын-шашын жауып, тұман түседі және көктайғақ болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар