Елімізде алдағы күндері 32 градусқа дейін ыстық болады

None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады деп болжанады. Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болмақ. Елдің батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 18-26 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде —15-26-қа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында 32 градусқа дейін ыстық болады.


Соңғы жаңалықтар