Елімізде ақша-несие саясаты дұрыс жүргізіліп жатыр - маман пікірі

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елімізде ақша-несие саясаты дұрыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі БҚО филиалының директоры Борис Ізбасаров мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның пікірінше, экономика санаулы жылдан кейін дамудың жаңа бір сатысына көтеріледі. Сол кезде теңгенің құны артады. Қазақстандағы құнсыздану деңгейі Ресей, Украинамен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ұлттық қор активтерінің өскені байқалады. Мәселен, биылғы қыркүйек айында еліміздің халықаралық резерві мен Ұлттық қор активтері 2,9 пайызға артып, 44,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жылдары банктер арқылы несиелендіру мөлшері азайғанымен, басқа тетіктер іске қосылды. Ел экономикасы мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бағытында 2009-2010 жылдарға арналған іс-жоспар қабылданып, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөндірістік кешенді дамыту, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қордан 19 млрд. доллар бөлінді. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша да қыруар қаржы жұмсалуда. Мұның бәрі негізгі бағыттың дұрыс екенін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар