Елімізде А/H1/N1 тұмауына шалдыққан 8 адам карантиндік режімнен шығарылды - Денсаулық сақтау министрі

None
None
денің 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңестен кейінгі брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Елбасы тиісті ұйымдарға А/H1/N1 індетінің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырғанын мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы А/H1/N1 індетін ауыздықтау тұрғысында, яғни бұл тұмау түрінің еліміз аумағына кіруінің алдын алуға байланысты, сондай-ақ бұл ауру пайда болған жерлерде уақытылы жедел жәрдем көрсету мәселелерін тапсырды»,- деді министр.

Елімізде аталған тұмау түріне шалдығудың 13 оқиғасы тіркеліп отырғандығын жеткізген Ж. Досқалиев, «бүгінде олардың арасынан 8 адам карантиндік режімнен шығарылды. Қалған 5 адам осы аптада карантиннен шығарылатын болады», деді.

Министрдің айтуынша, бүгінде елімізде аталған індетке қарсы қолданатын дәрілік заттар жеткілікті.

Соңғы жаңалықтар