Елімізде 98 мыңнан астам жолаушы әйелдер вагонында сапарлаған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бір жылда әйелдерге арналған вагондар қызметін 98 мыңнан астам жолаушы пайдаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға сілтеме жасап.

2021 жылдың қазан айында ҚТЖ пилоттық режимде әйелдер вагондары бар алғашқы пойыздарды іске қосқан болатын.

«Осы уақыт ішінде қызметті 98 мыңнан астам жолаушы пайдаланды. Әйелдерден басқа, мұндай вагондарда жеті жасқа дейінгі ұлдар да жүре алады», - деді компанияның баспасөз қызметінен.

Қазір әйелдер вагоны келесі бағыттағы пойыздарда бар:

1) № 77/78 «Алматы – Маңғыстау» (№7 вагон);

2) № 351/352 «Алматы – Өскемен» (№10 вагон);

3) № 45/46 «Павлодар-Шымкент» (№9 вагон);

4) № 37/38 «Маңғыстау – Семей « (№9 вагон);

5) № 47/48 «Атырау – Астана» (№7 вагон);

6) № 379/380 «Алматы-2 – Орал» (№10 вагон).

Мәлім етілгендей, әйелдер вагондарына билет бағасында ерекшелік жоқ. Билетті BILET RAILWAYS.KZ веб-сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады.


Соңғы жаңалықтар