Елімізде 853 мың жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –29 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 552 475 адам, екінші компонентін 9 332 615 адам салдырды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр. Бүгінге дейін препараттың I дозасын 1 233 914 адам, ІІ дозасын 1 184 879 адам салдырды.

Оның ішінде І компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 871 440;

- ж үкті әйелдер – 41 407 ;

- б ала емізетін әйелдер – 145 144.

І І комп о нентімен егілді:

- ж асөспірімдер – 853 087 ;

- жү кті әйелдер – 39 114 ;

- б ала емізетін әйелдер – 140 910.


Соңғы жаңалықтар