Елімізде 800 мыңнан астам адам футболмен жүйелі айналысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 800 мыңнан астам қазақстандық футболмен тұрақты айналысады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Футбол - әлемдегі ең танымал спорт түрі. Елімізде 800 мыңнан астам адам футболмен жүйелі түрде айналысады. Мемлекет басшысы халыққа жолдауында балалар және бұқаралық спортқа аса көңіл бөлу керектігін айтты. Бүгін құрылып жатқан футболдан жаңа жасөспірімдер лигасы спортшылардың бұқаралықтан кәсіби спортқа көшуіне ықпал етеді. Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан футболдан жасөспірімдер лигасын жоғары деңгейде өткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», – деді Ербол Мырзабосынов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде футболдан жаңа жасөспірімдер лигасы құрылды.

Лигаға еліміздің барлық өңірінен жас футболшылар қатысады. Турнирдің бірінші маусымына 18 жасқа дейінгі 12 команда қатыспақ.

Футболдан жасөспірімдер лигасының алғашқы матчы 22 сәуірде «Астана Арена» спорт кешенінде сағат 17:00-де басталады.


Соңғы жаңалықтар