Елімізде 78 млн тонна көмір өндірілді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, энергия өндіруші кәсіпорындарға 42 млн тонна, өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,2 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және тұрғындарға 6,3 млн тонна көмір жөнелтілді.
2020-2021 жылғы кезеңде арналған қажеттіліктер жоспарына сәйкес жалпы тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құраса, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындарға – 7,2 млн тонна көзделген.
2020 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша көмірмен қамтамасыз ету деңгейі коммуналдық-тұрмыстық секторда 84, тұрғындарды қамтамасыз ету 76 пайызды құрады. Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған. Тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр.