Елімізде 71 теміржол вокзалы қайта жөнделеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 71 теміржол вокзалы қайта қалпына келтіріледі. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. деп хабарлайды ҚазАқпарат ИДМ сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, қолданыстағы Теміржол саласында жолаушыларға қызмет көрсетудің ұлттық стандарттары және Жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тиісті жағдайлар жасалуда.

«Бүгінгі күні, 136 вокзал толықтай толық Ұлттық стандарт талаптарына (қолданыстағы 302 вокзалдан) сәйкестендірілді. 47 вокзал тиісті техникамен жабдықталды. Алдағы бесжылдықта «Қазақстан темір жолы» компаниясы күрделі жөндеу жұмыстары жоспарының аясында 71 теміржол вокзалын салады немесе қайта қалпына келтіреді, сондай-ақ 263 вокзалдағы жолаушылар платформаларын жөндейді», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, теміржолдың түрлі бағыттары бойынша 22 бағдардың құрамында жүріп-тұруы шектеулі адамдарға арналған 33 арнайы купе вагондары бар. «Тұлпар-Тальго» пойыздарында арнайы орындарға арналған 70% көлемінде жеңілдік белгіленген.

Бұдан бөлек, министрлік автомобиль көлігі саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру шараларын қабылдауда. Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолжетімділік пен қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған автовокзалдар мен автостанцияларға қойылатын міндетті талаптар көзделген.                       

«Бүгінгі күні елде 36 автовокзал және 110 автостанса жұмыс істейді. Олардың 78%-ы Ұлттық стандартқа сәйкес келеді. Сондай-ақ, «Автомобиль көлігі туралы» заңда жалпы пайдаланымдағы көлікті мүгедек жолаушылардың отырып-түсуіне арналған құрылғылармен жабдықтау  туралы талабы белгіленген Автобустар жаңарған сайын қоғамдық көлікте жүріп тұруы шектеулі тұлғаларға қолайлы болады», -деді министр.      

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көліктік қызметтерді көрсету үшін республиканың 20 қаласында арнайы такси қызметі жұмыс істейді. Барлық арнайы такси қызметтерінің автопаркінде183 машина бар.

Министрлік әуе көлігі саласына жеке пайдалануға арналған зембіл мен мүгедек арба-кресло ретінде әуе көлігінде тегін тасымалдауға жататын жолаушыларды, жүктерді тасымалдау Ережесіне өзгерістер енгізді. Мүгедектерге жайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін жолаушылар терминалын жобалау және құрылысын жүргізу барысында жеңіл әрі оңай өту үшін пандустар мен өзге де конструкциялар қарастырылған.

Сондай-ақ, министрлік ұшу кезінде жауапкершілік туралы декларацияға қол қою жөніндегі әуе компаниялардың талаптарын алып тастады.

Соңғы жаңалықтар