Елімізде 70 мыңнан астам адам коронавируспен ауырып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 19 қыркүйектегі соңғы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 822 адам коронавирус инфекциясынан (62 248 КВИ+ және 8 574 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде:

- 13 095 пациент стационарда

- 57 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 1 041 адамның жағдайы ауыр

- 264 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 169 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.



Соңғы жаңалықтар