Елімізде 650 белсенді экспорттаушы бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 650 белсенді экспорттаушы бар. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен қолдағы деректерге сәйкес, өткен жылдың қорытындысында Қазақстанда кемінде үш жыл бойы экспорттаумен айналысып келе жатқан 650 белсенді экспорттаушы бар екендігін атап өткен жөн. Олардың шамамен 80 пайызы – бұл шағын және орта бизнес өкілдері және 48 пайызы азық-түлік өнімдерін экспорттаушылар», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар оның дерегінше, өткен жылы 463 кәсіпорын қаржылық емес іс-шараларды пайдаланды.

«Олар Акселерация, маркетплейстерге шығару, сауда миссиясы және экспорттық шығындардың бір бөлігін қайтару сынды іс-шаралар. Егер, кері байланыс жайында айтар болсақ, біз түбегелі ашық болып қалдық. Тек өткен жылы ғана экспорттаушылардң шамамен 3,4 мың сұраныстары қаралды», - деді вице-министр.

Қайрат Төребаевтың атап өтуінше, әрбір салынған бюджет теңгесінің қайтарымы маркетплейстерде 213 теңгені, сервистік іс-шараларда 652 теңгені, Аксселерация бағдарламасы бойынша 158 теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар