Елімізде 60 мың пациентке жететін дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар - ДСМ

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 60 мың пациент үшін дәрілік заттың 38 атауы бойынша 2 айлық толықтырылатын қор бар. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қорларын құру жөнінде іс-шаралар басты қадағалауда. Бірінші, бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында 60 мың пациент үшін дәрілік заттың 38 атауы бойынша 2 айлық толықтырылатын қор бар. Екінші, медициналық ұйымдарда 7 млрд теңгеге дәрілік заттың 91 атауы бойынша 1 айлық қор қамтамасыз етілді. Үшінші, амбулаториялық деңгейде коронавирус инфекциясымен ауыратын пациенттер 5 дәрілік препаратпен қамтамасыз етіледі, 500 мың пациентті емдеу үшін препараттар қарастырылған», - деді Ажар Ғиният.

Төртіншіден, министр бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында бөлшек сауда желісінің интервенциясы үшін қажет болған жағдайда жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге 26 дәрілік зат бойынша 2 айлық қор жасалғанын атап өтті. Бесіншіден, өңірлерде аса қажет болған жағдайда дәріханалар арқылы өткізу үшін 10 млн маска (оның ішінде балаларға арналған 500 мың маска) сатып алынғанын айтты.

«200 мың жеке қорғаныш құралының, 10 млн бір рет қолданылатын қолғаптың қоры құрылды. Осылайша, қолда бар қорларды ескере отырып, дәрілік препараттармен қамтамасыз ету уақтылы жүзеге асырылатын болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар