Елімізде 464 мың гектар аумаққа 1,1 млрд тал егілді – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімдіктердің табиғат және орман қорғау мекемелерінің өкілдері 464 мың гектар аумақта 1,1 млрд тел екті.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлшісі.

«Орман қорына жататын жерлердің жалпы көлемі 30 млн гектарды құрайды және республикамыздың 11%-ін алып жатыр. 13 млн гектар жерде орман өсіп жатыр, орман көлемінің көрсеткіші 4,8%-ды құрайды. Орманды алқаптар Қызылорда, Жамбыл облыстарын алып жатыр. Ол жерлерде негізінен сексеуілдер өседі. Балқарағай, майқарағай, самырсын және шырша сияқты аса құнды ағаш түрлерінің қорлары ШҚО мен Алматы облысында шоғырланғанын айта кету қажет. Мемлекет басшысы қыркүйек айында өзінің Жолдауында елді ауқымды көгалдандыру мақсатында 5 жыл ішінде 2 млрд тал егуді тапсырғаны белгілі. Осыған байланысты министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлер бойынша тал егу көлемі анықталды», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, әкімдіктердің табиғат және орман қорғау мекемелерінің өкілдері 464 мың гектар аумақта 1,1 млрд тал екті.

«Барынша көп тал егу Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында жоспарланып отыр. Бұл жерде аталған мөлшердің негізгі үлесі сексеуіл болады. Арал теңізінің құрғап қалған бөлігінде де осы жұмыстар атқарылады. Республиканың орталық өңірлерінде қарағай, шырша, қайың сияқты негізгі орман құраушы тұқымдарға жататын талдар егіледі.

Бұдан басқа, Ұлттық парктер мен резерваттар аумағында 62,5 мың гектар алқапта шамамен 250 млн көшет отырғызылады. Ал компенсация ретінде отырғызылатын ағаштар автомобиль және теміржолдар бойындағы қорғаныс жолақтары, сондай-ақ халықаралық гранттар есебінен 180-2000 гектар алқапқа 700 млн ағаш өсіріледі. Қазіргі уақытта республика бойынша 155 орман бағы жұмыс істейді. Сонымен қатар, уақытша тұқымбақтар құру мәселесі туындауы мүмкін. Орман мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайту қажет екенін айтқым келеді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар