Елімізде 400-ге жуық адам коронавирустан айықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 378 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 30,

Алматы қаласында - 16,

Шымкент қаласында - 1,

Ақмола облысында - 1,

Ақтөбе облысында - 77,

Алматы облысында - 3,

Атырау облысында - 0,

Шығыс Қазақстан облысында - 0,

Жамбыл облысында – 30,

Батыс Қазақстан облысында - 154,

Қарағанды облысында - 48,

Қостанай облысында - 18,

Қызылорда облысында - 0,

Маңғыстау облысында - 0,

Павлодар облысында - 0,

Солтүстік Қазақстан облысында - 0,

Түркістан облысында - 0.

Жалпы пандемия басталғалы коронавирус 1 305 135 адамнан анықталса, соның ішінде 1 289 693 науқас сауығып шықты.


Соңғы жаңалықтар