Елімізде 400-ден астам бала коронавируспен ауырып жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған 3 бала реанимацияда емделіп жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері коронавируспен 6 мыңнан астам бала ауырды. Қазіргі таңда ауруханаларда 423 бала емделіп жатыр. Әрбір баланың денсаулығын министрліктің деңгейінде қарап отырамыз. Жедел штабымыз бар екенін, балалардың денсаулығы үнемі қаралып отыратынын айтқан болатынмын», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол аталған балалардың сырқатты қалай өткеріп жатқанына тоқталды.

«Қазір ауырып жатқан балалардың 21 пайызы жеңіл, 77 пайызы орташа, 0,7 пайызы ауыр өткеріп жатыр. Яғни, қазір 3 бала реанимацияда жатыр. Ол балалардың денсаулығын дәрігерлер, соның ішінде республикалық деңгейдегі мамандар емдеуге араласып отыр», деді министр.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, кейінгі екі жылда Қазақстанда заңсыз дәрі айналымының 700 дерегі тіркелген.

«Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың заңсыз айналымын бақылау аясында ұдайы мониторинг жүргізіп отырады. Кейінгі екі жылда ондай заң бұзудың 700-дей жағдайы тіркелді. Дәрілік заттарды заңсыз сатқаны үшін 80 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Биыл 2 жағдай тіркеліп, 2 қылмыстық іс қозғалды», - деді Ажар Ғиният.


Соңғы жаңалықтар