Елімізде 4 құзырлы органға байланыс желілерін тоқтату құқығы берілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Ішкі істер министрлiгi мен Қорғаныс министрлiгiне төтенше жағдай қатері төнген жағдайда байланыс желілері мен құралдарын тоқтата тұру құқығы берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде үкіметтік және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдарын қоспағанда, уәкілетті органмен өзара іс-қимылда байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесі жарияланды. Олар: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Ішкі істер министрлiгi мен Қорғаныс министрлiгi», - делінген Үкіметтің қаулы мәтінінде.

Соңғы жаңалықтар