Елімізде 4,2 млн адам вакцинаны толық алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда вакцинаның екі компонентін толық алғандар саны 4,2 млн-нан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 6 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 634 981 адам вакцина салдырды, II компонентпен 4 231 104 адам», делінген хабарламада.

Вакцина салудырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы қатарда – 756 мың адам 1 компоненті, 585 мың адам 2 компононетті салдырған. Ал одан кейінгі орында Түркістан облысы – 610 мың адам екпенің 1 компонентін егілсе, 443 адам 2 компонентті алған.


Соңғы жаңалықтар