Елімізде 3 айда 216 784 жеңіл көлік тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы қаңтар-наурызда елімізде 216 784 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 216 784 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,8 пайызға кеміді. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 929,5 мың бірлікті құрады. Осы жылғы қаңтар-наурызда 3 959 адам зардап шеккен 2 740 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 3,9 пайызға кеміді», - делінген ведомство ақпаратында.

Комитет мәліметінше, 2020 жылдың 3 айында тіркелген көліктердің 22 867-сінің шығарылғанына 3 жыл толмаса, 38696-сі 3-7 жыл бұрын құрастырылған көліктер екен. Ал шығарылғанына 7 жылдан асқан, бірақ 10 жыл болмаған көліктердің саны - 30263, 10 жылдан асқан көліктер саны - 124 762.

Елімізде жүйткіп жүрген көліктердің 84,1 пайызы бензинмен, 13,2 пайызы аралас, 2,5 пайызы дизель отынымен, 0,2 пайызы газбен жүреді.


Соңғы жаңалықтар