Елімізде 27 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 27 қаңтар күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де «SWIM, HBV гидрологиялық модельдерді қолдану арқылы өзен ағысын мдоельдеу» атты семинары өтеді. Семинарда «Қазгидромет» РМК Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен өзен ағысын қысқа мерзімді деңгейде болжау тәжірибесімен бөліседі.

Сағат 11.00-де «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің отырысы басталады.

Сағат 12.00-де «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универсиетінің бас ғимарты, Ғылыми кеңестің залында жазушы әрі журналист Бекен Қайратұлының «Қазақтың атбегілік өнері» атты энциклопедиялық-этнографиялық басылымының тұсауы кесіледі. Шараға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, кадемигі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бекболат Тілеухан қатысады.

Сағат 17.00 мен 19.00-де «Qazaqstan» орталық концерт залының Камералық залында «Анаға арнау» атты композитор Құрмаш Махановтың кеші өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Ғажайып Үндістан: керемет әрі көпсипатты мәдениет» атты фотокөрме ашылады.

Сағат 15.00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласының қоғамдық кеңесі «Алматы халықаралық әуежайының қызметінің сапасын және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсаты» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізеді.




Соңғы жаңалықтар