Елімізде 265 мың оқушы коронавирусқа қарсы вакцина алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирусқа қарсы екпе алғандар статистикасын жариялады.

29 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 8 976 006 адам, екінші компонентін 8 502 383 адам салдырды.

Осы күні «Pfizer» вакцинасының I дозасын - 330 124 адам, ІІ дозасын 129 009 адам алды.

І компонент

Жасөспірімдер – 265 373

Жүкті әйелдер – 18 821

Бала емізетін әйелдер – 45 910

ІІ компонент

Жасөспірімдер – 104 428

Жүкті әйелдер – 6 939

Бала емізетін әйелдер – 17 637.


Соңғы жаңалықтар