Елімізде 26 мың медициналық қызметкер қосымша қаржылық көмек алатын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұл туралы елдегі коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық өңірде арнайы санитариялық және медициналық күштер жұмысқа кірісіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүгін төтенше жағдай мемлекеттік комиссиясы маңызды шешім қабылдады. Коронавирус инфекциясын тоқтату және жою шараларына қатысып жатқан медициналық қызметкерлерді материалдық қолдау көрсетілетін болды. Жалпы 26 мың медициналық қызметкер қосымша қаржылық көмек алады. 26 мың әріптесіміз үш топқа бөлінді. Осы топтар инфекциялық тәуекелге байланысты болады. Бірінші топ өте жоғары тәуекел деп айтуға болады. Бұл - инфекциялық ауруханада және сол ауруханадағы интенсивті терапия, реанимация бөлімшесінде жұмыс істейтін дәрігерлер, мейірбикелер, төменгі медициналық қызметкерлерге арналған. Оларға ай сайын наурыз айының айлығынан бастап үш ай 850 мың теңге қосымша айлық төленеді», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, екінші топта 12 мыңға жуық дәрігер бар.

«Олар 425 мың теңге қосымша жалақы алады. Провизорлық клиникаларда және жедел жәрдем көмек дәрігерлері – орта және кіші қызметкерлер. Олар ауырған науқастармен тікелей байланыспайды, бірақ күнделікті осы басқа аурулармен, соның ішінде коронавирус инфекциясымен ауырған науқастармен жұмыс істегеннен кейін екінші топқа енгізіледі. Үшінші топтың ішіне дәрігерлер де, орта және кіші медициналық қызметкерлер, санитарлық дәрігерлер кіреді. Олардың саны - 11 мыңға жуық. Олар карантин нысандарында, карантиндік стационарларда, әуежайларда жұмыс істейді. Оларға ай сайын 212,5 мың теңге төленеді. Осы дәрігерлердің бәріне Президент тапсырмасы бойынша мемлекет тарапынан үш айға 34 млрд теңгеге жуық ақша бөлінеді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар