Елімізде 21 904 адам коронавирустан емделіп жатыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 тамыздағы мәлімет бойынша елімізде 21 904 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 994 пациент стационарда, 20 910 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 36 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар